{metadescription}
Шымкентте полицияны көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте полицияны көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тәртіп бұзушы 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

Жұмыс барысында жүрген полиция қызметкерлері бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, ереже бұзған Toyota Highlander жүргізушісін тоқтатқан. Cол уақытта 35 жастағы құқық бұзушы өзін агрессивті ұстап, инспектордың құжаттарды көрсету туралы заңды талабын орындаудан бас тартып, оқиға орнынан бой тасалауға әрекеттенген. 

- Қауіпті жүргізушіні тоқтату мақсатында және басқа жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін инспектор Бақытжан Боранбай көліктің жолын жауып тастады. Бірақ ер адам көлігін жүргізуді жалғастырып, полицейді басып өтіп, артынша оны бірнеше метрге сүйреп, кейін қашып кеткен», - деді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 
Көп ұзамай күдікті табылып, қамауға алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол есірткілік масаң күйде болған.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

- Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органы қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген полиция ақпаратында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде