{metadescription}
Алматы облысының құтқарушылары қар көшкіні қаупі туралы ескертті

Алматы облысының құтқарушылары қар көшкіні қаупі туралы ескертті

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасады.

ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы облысының тауларында 6-9 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

— Департамент азаматтардан, туристерден қар көшкіні болуы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Алматы облысының құтқарушылары жұқа мұзда адамдардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу мақсатында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұқа мұзға шықпауды сұрайды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде