{metadescription}
ҰҚК Шекара қызметі өткен жылы 55 мыңнан астам қылмысты анықтаған

ҰҚК Шекара қызметі өткен жылы 55 мыңнан астам қылмысты анықтаған

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы мәліметтерден белгілі болды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, еліміздің шекара кеңістігінде 55 мыңнан астам заң бұзу әрекеттерін анықтаған.

Олардың ішінде: 324 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
383 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 15 041 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
451 – есірткі заттары (2 тонна 300 кг астам);
886 – қару мен оқ-дәрілер;
455 – діни әдебиет (24 087 дана);
5 283 – жалпы сомасы 160 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
6 086 – жалпы сомасы 70 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
1 880 – жалпы сомасы 19 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
• Каспий акваториясында 390 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
196 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 536 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
1 994 дана (11 379 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
87 814 дана (98 296 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
117 дана итбалығы. Алды алынған залал сомасы 4,6 млрд теңгені құрайды.

- Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде