{metadescription}
Алматы полициясы Жаңа жылда қанша адамның пиротехникадан зардап шеккенін айтты

Алматы полициясы Жаңа жылда қанша адамның пиротехникадан зардап шеккенін айтты

«103» пультіне мереке күндері 23 мыңнан астам шақырту келіп түсті, оның 16 мыңына жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетті. 186 бригада тартылды, онда 500-ден астам қызметкер жұмыс істеді.

Жедел медициналық жәрдем қызметінің медициналық бөлімі бойынша директордың орынбасары Андрей Ложкиннің айтуынша, жедел жәрдем қызметіне келіп түскен шақыртулардың 10-13%-ы жарақат алғандар болды.

— Пиротехникадан 19 адам зардап шеккен. 55% жағдайда аяқ — қол жарақаттанған, қалғандары бет, көз және мойын жарақаттары, — деді Андрей Ложкин.

Мереке күндері қоңыраулар саныны 5-6% - ға артты. Өтініштердің негізгі себептері кенеттен болатын аурулар, тұрмыстық жарақаттар, күйіктер, ішімдіктен және тамақтан улану.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде