Алматыда Жаңа жыл мерекесінде 65 қылмыс жасалды
31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Алматыда 65 қылмыс тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
13:45 06.01.2025
Спикердің сөзінше, жасалған қылмыстың басым бөлігі мүліктік және тұрмыстық сипатта болды. Оның ішінде 42 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Сонымен қатар, мереке күндері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.
— Мереке күндері қызметтер мен бөлімшелердің жеке құрамы күшейтілген қызмет режимінде жұмыс істеді. Патрульдік полиция нарядтарының саны ұлғайтылды, жаяу патрульдеу маршруттары әзірленді, сондай — ақ құқықтық тәртіпті қорғау үшін Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі тартылды, — деп атап өтті С.Әзірбек.
Айтуынша, азаматтар көп жиналатын және мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарға ерекше назар аударылды.
—Қала жолдарында 26 мас жүргізуші ұсталып, көлік айдаудан шеттетілді, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралардың біріне айналды,— деді полиция өкілі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!