{metadescription}
Петропавлда ескерткіш үстіне мініп, селфи жасаған шетелдік қамауға алынды

Петропавлда ескерткіш үстіне мініп, селфи жасаған шетелдік қамауға алынды

Петропавлда «Абай мен Пушкин» ескерткішіне мініп, суретке түскен шетелдік бес тәулікке қамауға алынды.

Оқиға 1 қаңтар күні болған. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәуелсіздік стелласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жігіттердің өрескел әрекетін байқаған. Жастар жақын маңдағы «Абай мен Пушкин» ескерткішіне мініп суретке түскен. Бейәдеп сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Тұрғындар сол маңда кезекшілікте жүрген полицияның жаяу жасағына жүгініп, жедел басқару орталығындағы бейнебақылау инспекторларының көмегімен құқық бұзушыларды ұстады.
Жігіттерге қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін хаттамалар толтырылды, біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл заң бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал Петропавлдың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты ескерткіш үстінде селфиге түскен шетелдікті бес тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартты.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде