Шымкентте жалған құжат жасап, алаяқтықпен айналысқан күдікті іздестіріліп жатыр
Полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдіктінің суретін жариялады.
Фото: Шымкент полиция департаменті
16:17 06.01.2025
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері ер адамның жеке басы мен жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұрайды. Күдікті жалған құжат жасап, ірі мөлшерде алаяқтықпен айналысқан.
«Ер адамның жеке басы мен жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, 102, 8701-216-46-46 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!