{metadescription}

Қор нарығында доллар бір теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,00 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 527,30 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 531 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 533 теңге.Еуро 543 — 549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 529 теңге, сатып алу құны — 536 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 526,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,76 теңге. Еуро — 542,31.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде