{metadescription}
Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» футбол клубын жаттықтырады

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» футбол клубын жаттықтырады

Қазақстандық бапкер Қайрат Нұрдәулетов биыл Бірінші лигада ойнайтын павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас бапкері атанды.

1982 жылы дүниеге келген ол кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.

2002-2004 жылдары «Ертіс» сапында ол клубтың чемпион болуына үлкен үлесін қосты.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді.  Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер болды. Былтыр Талдықорғанның «Жетісу» тізгінін ұстап, команда 11-орынға тұрақтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде