Цехінде 1 келіден астам есірткі сақтаған кәсіпкер 15 жылға сотталуы мүмкін
Полиция жиһаз цехінде есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: Polisia.kz
11:44 07.01.2025
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехінде жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
— Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз жасаумен айналысқан. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты. Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!