Атыс кезінде екі адам мерт болып, біреуі жарақат алды
Сейсенбі күні кешке Германияның оңтүстік-батысындағы Бад-Фридрихcхалль қаласындағы компаниялардың бірінде екі ер адам өлтіріліп, тағы біреуі жарақат алды.
Фото: pixabay
10:24 08.01.2025
Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.
Полицейлер қашып жүрген қылмыскерді ұстау бойынша ауқымды операция жүргізіп жатыр.
Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, полиция шабуыл жасаған адамды іздеуге тікұшақ жұмылдырған. Бетін бүркеген қарулы адам сағат 17:45 шамасында компания кеңсесіне кіріп, оқ жаудырған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!