Колледждерде 1 студентке бөлінетін қаржы екі есе артады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі артатынын жеткізді.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
12:38 08.01.2025
— Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көптен күткен жаңалығы — 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері ұлғаятын болады. Қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес 1 студентті даярлау үшін бөлінетін қаржының орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, ол енді орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады, — деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады.
— Бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Жаңа қаржыландыру жүйесі — бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, — деді Ғани Бейсембаев.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!