{metadescription}
Шырша әрлеймін деп жансақтау бөліміне түскен семейлік мұғалімге өтемақы беріле ме

Шырша әрлеймін деп жансақтау бөліміне түскен семейлік мұғалімге өтемақы беріле ме

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Семейде Жаңа жыл шыршасын әрлеп жүріп жарақат алған мұғалім туралы пікір білдірді.

— Мұғалімнің қосымша жұмысқа тартылғаны құжат арқылы дәлелденсе, жұмыс уақытында тартылған болса, өндірістік жарақат деп танылады. Ал құжат арқылы дәлелдеу мүмкін болмаса, ондай статус берілмейді және өтемақы төленбейді. Бұл заңның талабы. Ешбір келісімшартсыз жұмысқа тартылған болса, жұмысқа жеккен адамдар заңды бұзғаны үшін жазаланады, — деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ, журналист мұғалімдерді ерікті ретінде жұмысқа тарту қаншалықты заңды екенін сұрады. 

— Еріктілер туралы айтсақ, ол заң біздің министрліктің құзыретінде емес. Бірақ қажетті ұсыныс қажет болатын болса, міндетті түрде көтереміз. Құзыретті орган әрі қарай өзі қарайды. Нақты біздің министрлік ондай ұсыныс енгізуді жоспарлап отырған жоқ, — деді Ғани Бейсембаев.

Оның пайымдауынша, Педагог мәртебесі туралы заң мұғалімді басы артық жұмысқа тартудан толыққанды қорғай алады.

— Жалпы 2019 жылы қабылданған заңның шеңберінде жалпы мұғалімдерді қандай да бір өзінің мамандығына сәйкес емес жұмыстарға тартуға болмайды. Бұл заңның жергілікті орындарда қаншалықты орындалып жатқаны екінші бір мәселе. Мен тапсырма бердім. Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті департаменттеріміз бар. Солар түгелдеп, мониторинг жүргізіп жатыр. Аудандарда, әсіресе, алыс ауылдарда мұғалімдердің құқығы қаншалықты сақталып жатқанын тексереді, — деді министр.

Ғани Бейсембаев семейлік мұғалім бүгін ауруханадан шыққанын, оның хал-жағдайы өзінің тікелей бақылауында екенін айтты.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.