{metadescription}
Талдықорғанда метапневмовирустан екі дәрігер қайтыс болды: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

Талдықорғанда метапневмовирустан екі дәрігер қайтыс болды: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында екі дәрігер метапневмовирустан қайтыс болды деген ақпарат таралуда.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz. Ақпаратқа қатысты түсініктеме 2025 жылғы 8 қаңтарда Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар алаңында берілді.

"Әлеуметтік желідегі Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында метапневмовирустан екі дәрігердің қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні облыста метапневмовирустық инфекция тіркелген жоқ. Айтылған екі дәрігердің бірі Қазақстанда жұмыс істеп артынша Ресейге қоныс аударған болатын. Ол бес жыл бойы онкологиялық аурумен күресіп келді, алайда содан көз жұмды",- деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде