{metadescription}
Сенатор Алматыда төбелескен шетелдіктер турасында: олар енді елімізге келе алмайды

Сенатор Алматыда төбелескен шетелдіктер турасында: олар енді елімізге келе алмайды

Сенатор Марат Қожаев Алматыда жанжалға қатысқан үндістандық студенттерді депортациялауға қатысты пікір айтты.

- Шетелден келген меймандар біздің елдің заңдарына, тәртібіне және салт-дәстүріне құрметпен қарауы керек. Осындай талаптар жалпы әлемдік тәжірибеде ескерілген, яғни кез келген мемлекетте болған кезде, сол елдің заңнамасын орындаймыз. Атап айтқанда, заң талаптары бұзылса, біздің заңнамаға сәйкес шетелдіктер депортацияланады. Олардың осында заңды оқуда жүрген құжаттарының күші жойылады. Бұл шетелдіктер алдағы бес жылда ел аумағына кіре алмайды, - деді М. Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда жаппай төбелес шығарған үндістандық студенттер туралы пікір білдірді.

Жанжалға тек қана үндістандық студенттер қатысқан, қазақстандық студенттердің қатысы жоқ.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде