{metadescription}
Алматыда алғашқы қар еріту пункті іске қосылды

Алматыда алғашқы қар еріту пункті іске қосылды

Алматыда қар еріту пункті ашылды.

Онда экологиялық таза технологиямен қар ерітіліп, кәдеге жаратылады. Жаңа пункт «Алматы Тазалық» мекемесінің көктайғаққа қарсы реагенттері сақталған бұрынғы базасында салынған. Қар еріту пункті соңғы жылдары қардың көп түсуіне және қаланың инфрақұрылымына жүктеменің артуына байланысты салынған.

— Қар еріту пунктінің жұмыс процесі қолданыстағы кәріз желісі арқылы келетін ағынды сулардың жылуын пайдалануға негізделген. Жылы су қысыммен сорғы қондырғылары және құбырлар жүйесінен өтіп, қарды ерітеді. Осыдан кейін еріген су сүзгіге түседі, құм мен қоқыстардан тазартылады. Кейін қалалық кәріз желісіне жіберіледі. Пункттің қуатылығы — тәулігіне 1200 текше метрге дейін қарды ерітеді, — деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандарының аумақтарынан қар жеткізіледі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде