Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді
Фото: pexels
17:47 09.01.2025
Бүгінде желіде қызу талқыға түсіп жатқан тақырыптардың бірі - автокөлікті бес минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұл. Көпішілік мұны "жаңа" заң деп қабылдап, наразылықтарын ашық білдіруді. Норманы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 (ЖҚЕ) бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, тұрақ – бұл көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату.
Ведомство бұл жаңалық емес екенін, норма ҚР ЖҚЕ-де 20 жылдан астам уақыт бойы бар екенін атап өтті.
"Егер көлік құралы жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен бес минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, онда бұл жағдай ҚР ӘҚБтК 597-бабының 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамымен ("көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу") қаралатын болады", - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.
ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабын бұзғаны үшін азаматтарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде, ал қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
"Ішкі істер органдары азаматтарға осы бұзушылық үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етіп қоймайды. Аталған бап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары келіп түскен кезде және бұзушылық туралы дәлелдер болған кезде ғана қозғалады".ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!