{metadescription}
Үлкендері шығып үлгерген, кішілері қаза тапқан: Қарағандыда қайғылы оқиға болды

Үлкендері шығып үлгерген, кішілері қаза тапқан: Қарағандыда қайғылы оқиға болды

Қарағандыда болған қайғылы оқиға салдарынан екі бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

9 қаңтарға қараған түні Пришахтинская көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққан. Көміртегі тотығынан улану және күйік салдарынан екі бала қаза тапқан. Олар 2 және 4 жаста болған. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 7 және 9 жастағы екі бала өртенген үйден өз бетінше шығып үлгерген.

"Жеке тұрғын үйдің бір бөлігінде шатыр, төбе және үйдегі заттар өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өздігінен шығып үлгерген, алдын ала мәлімет бойынша олар көміртегі тотығынан улану диагнозымен балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына дереу келген өртсөндірушілер 1964 жылы туған әйелді құтқарды. Ол улану, күйік диагноздарымен Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Сондай-ақ, құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде