{metadescription}
Алматыда могул мен шаңғы акробатикасы бойынша Әлем чемпионаты өтуде

Алматыда могул мен шаңғы акробатикасы бойынша Әлем чемпионаты өтуде

Бұл – Орталық Азияда алғаш рет өткелі отырған және 14 пен 20 жас аралығындағы 13 елдің үздік жас спортшыларын біріктіретін бірегей шара.

Осы күндер аралығында курортқа Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, АҚШ, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапониядан 110-нан астам қатысушы келеді деп күтілуде. 

Қазақстанның атынан мықты атлеттер шығады, оның ішінде юниорлар арасында әлем чемпионы және фристайлдан ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2024 жылы Италияда могулдан алтын алған Анастасия Городко бар.

Қатысушылар саны:

Могул/Параллель могул:
Юниор ұлдар –35-тен астам спортшы
Юниор қыздар – 35-тен астам спортшы

Шаңғы акробатикасы:
Юниор ұлдар – 25 спортшы
Юниор қыздар – 25 спортшы

Қазақстандық қатысушылар:

Могул: Максим Емельянов, Семен Русаков, Денис Раструба, Федор Бугаков, Анастасия Городко, Анастасия Ларионова, Юлия Феклистова.

Шаңғы акробатикасы: Динмухаммед Раимкулов, Уланбакир Умурзаков, Ассылхан Ассан, Роман Погосян, Аделина Умурзакова, Ардана Маханова.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.