{metadescription}
Рудныйда есірткі зертханасы анықталды

Рудныйда есірткі зертханасы анықталды

Рудныйда полиция қызметкерлері прокуратураның көмегімен өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамның жерасты зертханасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары балконда термоматериалмен қапталған жылыжай тапты. Ішінде каннабис тектес өсімдік өсіретін үш құмыра, үш электр фитолампасы, электр сорғыш және желдеткіші болды. Сонымен қатар ас үй бөлмесіндегі үстелде ZIP пакеттерінде каннабис тұқымы сақталған қорап табылды.

Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден  асатын каннабис өсімдігі екенін растады. Медициналық куәландыру күдіктіні ұстау кезінде каннабиоидты қолданудың іздері анықталғанын көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде