{metadescription}
Оралда мас адам жүргізушіні тапаншамен қорқытқан

Оралда мас адам жүргізушіні тапаншамен қорқытқан

Орал қаласында полиция қызметкерлері тапаншамен жүрген мас жүргізушіні ұстады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адам екінші жүргізушіге сигналдық тапаншамен қауіп төндірген. Жанжал жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан туындаған. Жүргізушілердің бірі қаруды алып, екіншісіне кезеген. Жәбірленуші бұл туралы полицияға хабарлады. 

— Жүргізуші мас күйінде бой тасалауға тырысты. Полиция қызметкерлері тез әрекет етіп, Зачаган кентінде күдіктінің көлігін қуып жетіп, тез арада тоқтатты. Көліктен сигналдық қару табылды. Жүргізушіге қатысты қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды және бірнеше бап бойынша әкімшілік өндіріс басталды, — деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде