{metadescription}
Жағажайға жолаушылары бар ұшақ құлады

Жағажайға жолаушылары бар ұшақ құлады

Бразилияның Убатуба қаласындағы жағажайға ұшақ құлады. Бортта бес жолаушы болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

G1 басылымының ақпаратынша, тек ұшқыш көз жұмды.

"Шағын ұшақ Сан-Паулу жағалауындағы Убатуба әуежайындағы ұшу-қону жолағынан өтіп, Прая-Ду-Крузейрода жарылды. Ұшқыш қаза тапты", — деп жазды портал.

Төрт жолаушы, оның ішінде екі бала құтқарылды. Сонымен қатар, құлаған жерде болған үш адам жарақат алды. Алайда кейбір БАҚ өкілдері екі адамның қайтыс болғанын жазды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде