{metadescription}
Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаев ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаев ресми сапармен Қазақстанға келеді

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің шақыруымен 10-11 қаңтарда Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаев Қазақстанға ресми сапармен келеді.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының өзекті мәселелері бойынша келіссөздері өтеді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте өткен ІІІ халықтық құрылтайда сөйлеген сөзінде халықты  әлемдегі экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты су тапшылығының жыл сайын артып келе жатқанын еске салды.

- Біз өзендердің бастауында орналасқан таулы елміз. Біздегі су ресурстары бізді ғана емес, көрші елдерді де қамтамасыз етеді. Бұл ретте үнемделген судың әрбір литрі көршілерімізге көмек. Суды тиімді пайдалану – өзіміздің ғана емес, көршілес елдерде тұратын халықтардың алдындағы жауапкершілігіміз, – деді Қырғызстан Президенті.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде