Петропавлда қарумен адам қорқытып, ақша бопсалаған үшеу 4,8 жылға сотталды
Қылмыскерлер 42 жастағы қала тұрғынына оқ атып, 1 млн теңге ақша талап еткен.
Фото: sud.gov.kz
14:47 10.01.2025
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушіні қылмыскерлердің бірі таңдаған. Өйткені бір кездері олардың араларында дау-жанжал болған. Олар жәбірленуші ер адамнан ақшаны ең бірінші рет наурыз айында соққының астына алып талап еткен. Кейін сәуір айында оның автокөлігін шина жинақтау пунктінде байқап қалып, тағы да ақша талап еткен. Ер адам қашып құтылмақ болғанда, олар соңынан қуып, қылмыскерлердің бірі соңынан газды тапаншадан бірнеше рет оқ атқан.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыскерлерді өткен жылдың көктемінде, табиғи апатқа байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланған кезеңде ұстады. Петропавлдықтың екеуі 29 жаста болса, 31 жастағысы бұрын бұзақылық пен тонау үшін істі болған екен.
Сот үкімімен үшеуі де қару қолдану арқылы қорқыту және бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот олардың әрқайсысын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Сот үкімі 8 қаңтар күні заңды күшіне енді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!