{metadescription}
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты.

Белгілі болғандай, айыпталушылар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып, синтетикалық есірткі жеткізушілері мен бетбелгі қоюшыларды «жұмысқа» тартуды көздеген.

Халықаралық қылмыстық топ ІІМ мен Алматы полициясының жүргізген жедел жұмысының нәтижесінде қолға түсті.

Арнайы іс-шараның әртүрлі кезеңдерінде полиция қызметкерлері прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады.

Жалға алынған қоймаларды рұқсат етілген тінту барысында психоактивті заттарды синтездеуге арналған 1160 бөшке, әртүрлі прекурсорлар, «синтетика» өндіруге арналған 7 қорап арнайы зертханалық жабдық, екі реактор және 5 химиялық құрал-жабдық табылып, тәркіленді.

– Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады полициядан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде