Атырау облысының жасөспірімдері 1 жылда 67 қылмыс жасаған
Атырау облысындағы жасөспірімдердің былтыр 67 қылмыс жасағаны тіркелген. Алайда бұл – алдыңғы жылғы көрсеткіштен 9,4 пайызға төмен.
Фото: gov.kz
16:27 10.01.2025
Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Орынгүл Көшқалиеваның жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жасөспірім және жауапкершілік» іс-шаралары өткізілген.
– Атырауда 2024 жылы жасөспірімдердің қатысуымен 67 қылмыс тіркелді. Жасөспірімдер жиі ұрынатын қылмыстың қатарында ұрлық, алаяқтық, бұзақылық, зорлық-зомбылық және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар бар. Түнгі мезгілде балаларын қараусыз жібергені үшін 8 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орындарына кәмелетке толмағандарды кіргізген 83 адамға, алкоголь және темекі өнімдерін сатқан 171 кәсіпкерге тиісті шара қолданылды, -дейді Орынгүл Көшқалиева.
Оның дерегіне қарағанда, есірткі қылмысының белең алғаны алаңдаушылық тудырып отыр. Есірткі заттарын заңсыз сақтау және сатумен айналысқан 3 жасөспірім анықталған.
– Интернеттегі есірткі жарнамасын тоқтату үшін 270 сайт бұғатталып, 100-ден астам граффити жойылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесіне қосылды. Бір жыл ішінде үйінен кетіп қалған 76 бала табылып, ата-анасына қайтарылды, -деп мәлім етті Орынгүл Көшқалиева.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!