{metadescription}
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол ережесін бұзғандарға айыппұл салады

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол ережесін бұзғандарға айыппұл салады

Талдықорғанда алғаш рет жедел жәрдем көлігіне бейнебақылау камерасы орнатылды.

Заманауи құрылғы ереже бұзғандарды қалт жібермейді. Жетісу облысының жедел жәрдем станциясы қала тұрғындарына қызмет ететін реанимобильге бейнебақылау камерасының орнатылғанын мәлімдеді. Құрылғы жол қозғалысы ережелерін бұзған көліктерді тіркеп, айыппұлдарды автоматты түрде жүргізушіге жібереді. Бұл инновациялық технология бұған дейін патрульдік полиция көліктерінде сынақтан өткен.

— Камера 360 градустық шолу жасай алады. Алдыңғы және артқы камералардың 4 көріністі түсіруге дейін мүмкіндігі бар. Сондай-ақ көліктің салоны да қосымша камерамен жабдықталған. Мұндай шешім жолдағы қауіпсіздікті азайтып, жүргізушілердің ережелерді сақтауына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.