Алматыда полицей пышақ жарақатынан қаза тапты
Алматыда полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапты.
Фото: Polisia.kz
12:13 11.01.2025
Қалалық полиция департаментінен мәлім еткендей, жанжал салдарынан пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Алматыдағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізілуде.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қызметкерінің қызметтен және жұмыс уақытынан тыс болған.
-ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді – делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!