{metadescription}
Буллинг ағайын-туыстың ортасында да кездеседі – отбасылық психолог

Буллинг ағайын-туыстың ортасында да кездеседі – отбасылық психолог

Буллинг мәселесі тек жасөспірімдер мен жастардың арасында ғана емес ағайын-туыстың арасында да кездеседі екен. Бұл туралы толығырақ отбасылық психолог, психотерапевт Серікгүл Сәли айтып берді.

- Буллинг – бірнеше адамның бірлесіп бір адамға көрсетілетін шабуыл, қысым, яғни шеттету, ортадан жекелеу, бұл ағайын-туыстың арасында да кездеседі. Ұжымда да біреуді шеттетіп тастайды, ол да буллинг. Сондықтан буллингінің әртүрі болады. Ең көп буллинг балалардың арасында кездеседі. Екінші көп кездесетіні ағайын-туыстың ортасында, яғни ағайындар, мысалы, бір топ абысын біреуін бөлектеп, өсектейді, сөз қылады, жекелейді. Туыстар жиналып алып мына біреуді жекелейік деген ағайын-туыстың ортасында көп кездеседі, - деді Серікгүл Сәли әңгіме барысында.
Отбасылық психолог ағайын-туыстың арасындағы буллинг жағдайды өз тәжірибесінде кездестірген.

- Бірге туып-өскен көп ағайынды бір үйдің балалары, үйдің кішісіне немесе кішілері бірігіп алып үйдің үлкеніне жасырын түрде буллинг жасайды. Мысалы, оларды қонаққа шақырмайды, шақырғанның күннің өзінде қысым көрсетеді, - дейді ол.
Маманның айтуынша, үшіншіден буллинг проблемасы ұжымда жиі кездеседі.

- Қалыптасқан ұжымға жаңадан маман келіп қосылса, сол маманды орталарына қоспай, барлығы бірігіп алып, шеттетеді, қысым көрсетеді. Жұмыс істеуіне ауыр атмосфера жасайды. Бұл мектеп мұғалімдерінің ортасында да көп кездеседі. Ұжымдағы қысымға, буллингке шыдай алмай, жұмысын жалғастыра алмайды. Ақыры сол жерден мәжбүрлі оны солай жасап әкеледі, ешкімге шағымдана алмайды, бірақ ортаға қоспайды сонымен жұмыстан өз еркімен кетті дегенге келтіреді - деп толықтырды Серікгүл Сәли.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде