{metadescription}
Мейрамханадағы жарылыстан 6 адам қаза тапты

Мейрамханадағы жарылыстан 6 адам қаза тапты

Сенбі күні кешке Чехияның солтүстік-батысындағы Мост қаласында «U Kojota» мейрамханасында газ жарылып, арты өртке ұласқан, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қайғылы оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алған.

Around Prague басылымының деректеріне сәйкес жарылыс газ жылытқышының мейрамхана бақшасында аударылуынан болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада келді, бірақ олар келгенше ғимарат өртке оранды. Өртті сөндіру кезінде бірнеше пропан-бутан баллондары жарылған көрінеді, қалғандары ғимараттан шығарылды.

Табиғи апатпен күреске 13 бөлімшеден 63 өрт сөндіруші тартылды. Өрт түнгі сағат 1-ге дейін сөндірілген. Алайда өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлерінің бірі жарақат алды.

Жарылыс кезінде мейрамханада 20-ға жуық қонақ болған екен.

Ауа райының қолайсыздығы, атап айтқанда қар мен қатты аяз өрт сөндірушілерге айтарлықтай қиындық туындатты. Осыған қарамастан, өрт сөндірушілер мейрамхананың дәретханасында құлыпталып қалған адамды құтқара алды. Ауыр жағдайдағы жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілді. Қалған зардап шеккендер Прага, Усти-над-Лабем және Мост клиникаларына жеткізілді.

Чехияның ішкі істер министрі Вит Ракушан жексенбі күні таңертең қайғылы оқиға орнына барып, көңіл айтты. Мост қаласының мэрі Марек Грол бұл оқиғаны қаланың қазіргі тарихындағы ең нашар деп атады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде