{metadescription}
ШҚО-дағы тасжолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылады

ШҚО-дағы тасжолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылады

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қаңтарда сағат 10.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 132-137 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады.

- Аталған учаскеде жасанды жолмен қар көшкіні жүргізіледі. Сондықтан көлік жүргізушілерінен түсіністік танытып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде