{metadescription}
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына қандай көмек түрлері бар

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына қандай көмек түрлері бар

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін әлеуметтік көмектің 17 түрі қарастырылған.

Олардың ішінде - атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), тұрғын үй көмегі, ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек, коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу, атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер бар. 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар басқармасының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 14,8 мың адамға жалпы сомасы 1,6 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді.

- Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды. «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам сома, - деп хабарлады басқармадан.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылған, сондай-ақ көмектің жаңа түрі енгізілді. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде