Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Қытайға барды
Бүгін Бейжіңде Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
11:06 13.01.2025
Кездесу барысында да Мәулен Әшімбаев Сенат Парламенті мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне тоқталды. Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және өзге де бағыттардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.
– Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Бүгінде бұл бағыт Азия мен Еуропа арасындағы жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етеді. Қазақстан мен Қытай арасында «Аягөз-Тачэн» үшінші темір жолының құрылысы басталып жатыр. Сондай-ақ үшінші шекаралық теміржол өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр. Орта дәліздің әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалану елдеріміз арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз, - деді Мәулен Әшімбаев.
Сұхбат кезінде Чжао Лэцзи екі мемлекеттің басшылары белгілеп берген міндеттерді бірлесіп іске асыруға дайын екенін білдіріп, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы және басқа да бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын жоғары бағалады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!