Асқар Ғазалиев Қарағанды облысы Өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалды
Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасындағы кадрлық өзгеріс туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
12:00 13.01.2025
Асқар Ғазалиев мемлекеттік қызметте 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президентінің Іс-Басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!