Астанада анасына былапыт сөйлеген жігіт 6 жылға сотталды
Астанада анасына былапыт сөз айтып, кәмелетке толмаған жасөспірімге пышақ ала жүгірген тұрғынға жаза тағайындалды.
Фото: freepik.com
12:32 13.01.2025
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған затты пайдалана отырып күш қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін (ҚК 293-бабының 3-бөлігі) С.-ға қатысты істі қарады.
Сотталушы С., өз үйінің ауласында, алкогольдік масаң күйінде анасынан ақша сұраған, анасы өз кезегінде ақша жоқ деп бас тартқан.
С., қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық ниетпен былапыт сөйлеп, жақын жерде тұрған орындықты подъезге қарай лақтырып жіберген.
Осы кезде кәмелетке толмаған жәбірленуші Ә. подъезден шығып, ескерту жасаған.
С., жауап ретінде шалбарының қалтасынан пышағын суырып алып, жәбірленушінің дене аймағынан үш рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
Сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушінің, жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, сондай-ақ бейнебақылау камерасының жазбаларымен дәлелденген.
Прокурор бұрынғы соттылығын ескере отырып, ҚК 60-бабының негізінде 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Қорғаушы тарап жәбірленушіге дене жарақатын келтіру фактісін жоққа шығармай, кінәсін ішінара мойындады, бірақ іс-әрекеттерін ҚК-нің 293-бабы бойынша саралаумен келіспей, әрекетін ҚК-нің 108-1-бабымен қайта саралауды сұрады.
Жәбірленушінің заңды өкілі бас бостандығынан айырудың ең жоғары жазасын тағайындауды сұрады. ҚК 293-бабы 3-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Жаза тағайындау барысында сот жеңілдететін мән-жай деп, кінәні ішінара мойындауын ескерді.
Сотталушының алкогольдік масаң күйде болғаны және өтелмеген соттылығы бар болғандықтан қылмыстың қауіпті қайталануы ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралды.
Кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты жасалған қылмыстың ауырлығын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталушының өтелмеген соттылығын ескере отырып, ҚК 60-бабының негізінде түпкілікті 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстың қауіпті қайталануы бар деп танылды.
Моральдық зиянның орнын толтыру ретінде 1 млн. теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!