Астанада түнгі клубтардың бірінде вейп сатқан жігіт ұсталды
Астана қаласы ПД Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында түнгі клубтардың бірінде электронды темекіні заңсыз сатқан жігітті ұстады.
Фото: pixabay
12:42 13.01.2025
Тінту кезінде сегіз қорап электронды темекі тәркіленді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 1-бөлігі шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!