{metadescription}
Өткен жылы ел аумағында 22 тонна есірткі тәркіленді

Өткен жылы ел аумағында 22 тонна есірткі тәркіленді

Былтыр елімізде 12 айдың ішінде 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелген.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

- 12 ай ішінде 7920 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3430-ы қылмыс. Шамамен 22 тонна есірткі тәркіленіп, 63 есірткі зертханасы жойылды. Одан бөлек, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес – полиция жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді, оның ішінде үшеуі трансұлттық болған. Сондай-ақ 1361 жоғалған адамның мекенжайы анықталды, - деп хабарлайды ведомстводан.

Осы орайда министрлік жанынан есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды.

- Соңғы жылдары киберқылмысқа қарсы күрес ерекше маңызға ие. Бұл мәселені шешу үшін ведомствода бейінді департамент ашылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін іздеуде жүрген 1949 адам ұсталды, - делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде