{metadescription}
Ақтөбеде кепілде болған үш адам босатылды — полиция

Ақтөбеде кепілде болған үш адам босатылды — полиция

Ақтөбеде кепілде болған қыз бен оның ата-анасы босатылды. Күдікті ұсталды.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі кепілде болған адамдардың түгел босатылғанын хабарлады.

— Кепілге алынған әйелді босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз және оның ата-анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Жарақат алған, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында келіссөз жүргізген облыстық ПД бастығы Абай Жүсіповтің айтуынша, жедел басқару орталығына хабар 20:00 шамасында түскен.

— Жедел тергеу тобы, арнайы жасақ оқиға орнына келді. Жедел операция өтіп, кепілге алынған азаматша мен оның ата-анасы босатылды. Күдікті адам ұсталды, — деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.
Полицияның хабарлауынша, күдікті талап қоймаған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде