Қазақстан халқының неше пайызы ұшақпен қатынап жүр
Көлік министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта Қазақстан халқының неше пайызы азаматтық авиацияның қызметін тұрақты түрде пайдаланатынын айтты.
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
09:21 14.01.2025
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары 13,3 млн жолаушы тасымалдады. Демек, бір жылда Қазақстандағы 20 млн халықтың 66,5%-ы әуе тасымалын пайдаланды, - деп жазылған ресми мәліметте.
Басқаша айтсақ, әр авиа жолаушы бір жылда орта есеппен 1 947 шақырым жолды ұшақпен еңсерген.
- 2023 жылы жолаушылар айналымы 25 898,5 млн жолаушы/шақырым болды. 2023 жылы 1 адамға алғанда орташа есеппен 1 947 км келеді, - делінген жауапта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!