{metadescription}
Ақтөбеде кепілге алынған үйден екі адам қайтыс болды

Ақтөбеде кепілге алынған үйден екі адам қайтыс болды

Ақтөбеде түнде кепілде болған үш адамның екеуі көз жұмды.  Біреуі ауруханада жатыр.

Ақтөбеде облыстық ПД бастығы соңғы ақпаратты таратты.

- Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Кінәлі адам заңның барлық қатаңдығымен жазаланатын болады, - деп хабарлады облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.

Айта кетейік, оқиға 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында болды. Хабарлама Жедел басқару орталығына түсті.

- Жедел тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды. Олар күдіктімен таныс болған. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды, - деді Абай Жүсіпов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде