Асхат Шахаров Ақтөбедегі қылмыстық оқиға туралы пікір білдірді
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кепілде болып, көз жұмған адамдарды жерлеу рәсіміне көмек беріленінін әлеуметтік желі арқылы хабарлады.
Фото: aqtobe_sergek
11:42 14.01.2025
Ақтөбедегі қылмыстық оқиғадан соң Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
- Құрметті жерлестер! Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқылануда. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады.
Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетілуде.
Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті көмектер ұйымдастырылады. Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.
Қауіпсіздік шаралары — бақылауымда, - деп жазған Ақтөбе облысының әкімі.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!