{metadescription}
Маркетплейстен сатып алған тауар сапасыз болса, кері қайтаруға бола ма

Маркетплейстен сатып алған тауар сапасыз болса, кері қайтаруға бола ма

Қазір онлайн сауда қызып тұр. Осы орайда маркетплейстен сатып алған тауарлардың сапасына кім жауапты? Тұтынушылардың құқығын кім қорғайды? Бұл сауалға Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді.

- Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қаралды. Ақпанның аяғына дейін екінші оқылымда талқылаймыз, сондай жоспар бар. Заңға бірнеше өзгерістер дайындадық, соның бірі шетелдік маркетплейстер үшін терминалдық аппарат енгізіледі. Маркетплейс деген қандай талаптарға сай болуы керек, оның ішінде шетелдік болсын, отандық болсын айырмашылығы жоқ, - деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатында. 

Одан әрі министр маркетплейтерден сатып алынған тауарларды сапасыз болған жағдайда кері қайтаруға қатысты пікір білдірді. 

- Маркетплейтен тауар алғанда, дүкеннен алғандай ешқандай айырмашылығы болмауы керек. Маркетплейс кәдімгі үйдің жанындағы дүкен секілді, - дейді ол. 

Осылайша ведомство басшысы маркетплейстен алынған сапасыз тауарды қайтаруға болатындығын айтып отыр. Сонымен қатар шетелдік және отандық маркетплейстерге талап бірдей және ортақ. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде