Ақтөбедегі қылмыстық оқиға: Екі бап бойынша іс қозғалды
Ақтөбеде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
14:38 14.01.2025
Қазіргі кезде марқұмдардың таныстары қарама-қарсы үйге кіріп, көңіл айтып жатыр. Кеше түнде болған қылмыстық оқиға ақтөбеліктерді дүр сілкіндірді. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал марқұмның көршілері түнде үйден шықпай, қорқып отырғанын айтып берді.
- Қалай болғанын білмеймін. Кешкілік полиция келіп, көлік көп жиналды. Сөйтіп айналасын қоршап қойды. 4-5 сағат болды полиция. Біз балаларды үйге кіргізіп жібердік. Оларды көп танымаймыз, тек сыртынан білемін,- деді Мәскеу ауданының тұрғыны Сәбит Шүйіншалиев.
Дәл осы маңда тұратын қала тұрғыны да полицияны көріп, қорқып, үйіне кіріп кеткен.
- Кешкі тамақты ішіп, далаға шықтым. Сол кезде далада полиция толып тұрды. Ешкім ештеңе айтпады. Полиция «апа, үйге кіріңдер, қорықпаңдар, аманшылық» деді. Үйге қайта кірдік, көлікті аулаға қойдық. Біз ата мен әжені сыртынан білгенімізбен, танымаймыз. Түнімен ұйықтамадық. Бірдеңе сарт ете қалып, далаға шықтық. Көлік тұр. Адамдар шығарып жатыр сол кезде,- деді Маржан Тажекенова.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!