Қызылорда облысында киіктерді оққа байлаған екі адам бас бостандығынан айырылды
Қызылорда облысында заңсыз аңшылық жасап, киіктерді оққа байлаған екі адам бас бостандығынан айырылды.
Фото: Исатай Сисенғалиев
15:18 14.01.2025
Табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары олар мінген көлігін тоқтатты. Сол сәтте көлікте 30-дан астам киік еті, 5 киіктің басы барын анықталды.
- Белгілі болғаны, облыстың екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шыққан. Автокөлікпен киіктерді қуып, оларға оқ атқан. Сараптама қорытындысы бойынша екі тұрғынның мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтіргені анықталды. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұған қатысты қылмыстық істі қарап, оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы, 6-бөлігі, 2-тармағымен қозғалған бойынша кінәлі деп таныды.
Оларға 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ортақтасқан тәртіпте олардан 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп мәлім етті Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!