{metadescription}
Қызмет кезінде қаза тапқан полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Қызмет кезінде қаза тапқан полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Шалхар Байжомартов «Айбын» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті.

— Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді. Полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов мәңгілікке өз қызметіне адал, ерлікке толы офицер ретінде есте қалады, — деді Айдар Сайтбеков.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде