Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітеді
Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлайды.
Фото: Александр Павский/Kazinform
17:22 14.01.2025
Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін — 7 теңге, еуро үшін — 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.
— Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған, - делінген хабарламада.
Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!