{metadescription}
Алкогольден уланып, қайтыс болғандар саны 11-ге жетті

Алкогольден уланып, қайтыс болғандар саны 11-ге жетті

Ыстамбұлда қолдан жасалған алкоголь өнімдерін өндірумен және таратумен айналысқан екі Түркіменстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығына сілтеме жасап.

Алынған ақпаратқа сәйкес, соңғы тәулікте Ыстамбұлда барлығы 38 адам қолдан жасалған алкогольді ішу салдарынан уланған. Ауруханаға түскендердің 11-і қайтыс болды. Полиция оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жұмыстарын бастады.

Ауруханаға келгендердің 26-сы шетелдіктер екені белгілі болды. Осы оқиғаға қатысты екі Түркіменстан азаматы қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда жалған алкогольдік сусындардан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының саны 6-ға жетті. Оның 5-еуі ер адам, 1-і әйел адам.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде