Мемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті
"Абу Дабидің орнықты даму апталығы" халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті.
Фото: akorda.kz
10:35 15.01.2025
Мемлекет басшысы еліміз Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді. Өз кезегінде Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады.
Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады.
Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы байланысты жандандыру маңызды екенін атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!