Ақтөбеде кепілде болған әйел ата-анасының көз жұмғанын білмейді
Ақтөбелік дәрігерлер кепілде болған әйелді емдеу шарасын жалғастырып жатыр. Әзірге науқасқа телефонын бермеген, ол ата-анасының көз жұмғанын білмейді.
Фото: pexels.com
14:17 15.01.2025
Дүйсенбінің түнінде кепілде болған 40 жастағы әйел енді-енді ес жиып, жан-жағын таныды. Науқасты Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургтары мен травматологтары емдеп жатыр.
- Ем жүргізіліп жатқанына бір тәуліктен асты. Оған бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы диагнозы қойылған. Ал травматологтар жарақатын таңып береді. Екі бөлім жауапты болғанымен, нейрохирургияда емін жалғастырады. Көгерген, жырылған жерлері бар. Бүгінгі таңда жағдайы орташа. Сана-сезімі ашық. Сұрақтарға нақты жауап береді. Бүгін не болғанын сұрады. Ол ата-анасының қайтыс болғанын білмейді. Жағдайдың қалай болғанын, не болғанын білгісі келді. Біз ол туралы емес, денсаулығы туралы көбірек айтамыз. Төсектен тұруға болмайды. Жүруге рұқсат еткен жоқпыз. Оның қолында әзірге телефон жоқ. Психологтар да кеше де, бүгін де кездесті. Мұндай диагнозбен 5-7 күн ем алады. Бірақ әрі қарай белгілі болады. Себебі психологиялық жағдайы ескеріледі. Қазір күзет тұр, - деді Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Уразжанов.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!