{metadescription}
Трансгендерлердің әйелдер спортына қатысуына тыйым салатын заң жобалары қабылданды

Трансгендерлердің әйелдер спортына қатысуына тыйым салатын заң жобалары қабылданды

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы трансгендерлердің мектептерде қыздар спортына қатысуына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп жазады Анадолы.

Енді елдегі барлық трансгендер спортшылар бастауыш мектептен университет деңгейіне дейінгі әйелдер спортына қатыса алмайды. Заң жобасы 218 қолдау және 206 қарсы дауыспен қабылданды.

Дауыс беру алдындағы пікірталастарда республикашылар еркек болып туылған трансгендер әйелдер спортына қатысуы – басқа әйел спортшыларға әділетсіздік деп санайтынын айтқан. Ал демократтар бұл заң жобасын қатысушыларды кемсітушілік деп атады.

Бір қызығы, заң жобасын Техастың екі демократы – Генри Куэльяр мен Висенте Гонсалес қолдады. Егер заң жобасы Сенатта қабылданса, трансгендерлерге әйелдер жарысында қатысуға мүмкіндік беретін мектептер федералды білім беруді қаржыландырудан айырылады.

Ер адам жынысын ауыстырғаннан кейін әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуы бүкіл елде дау тудырды. Республикашылдар өткен жылы өздерінің науқандарында бұл мәселені көтеріп, осы тақырыптағы жарнамаға кемінде 111 миллион доллар жұмсаған.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп та сайлауалды науқаны кезінде Конгресс бұл тақырыпқа қатысты заңнаманы қабылдамаса, ол өзінің президенттік өкілеттіктерін тыйым салу үшін пайдаланатынын айтқан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде